Өткен тәуліктерде Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдеді. Осының арқасында республика «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК telegram арнасында жаңартылған матрицаны жария етті.

7 маусымдағы жағдай бойынша: «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы тұр.

«Сары» аймақта Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары бар.

Ал «жасыл» аймаққа Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары енген.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте 989 қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталған еді. Жалпы вирус жұқтырғандар саны 395 064-ке жетті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK