1-ші наурыз – Алғыс айту күніне орай бүгін Талдықорған қаласы қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Сәуле Сұлтанқызы және қала әкімі аппарат бөлімдері бірлесіп, жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетті.

Игі шара «Қайырымды ел» жалпы республикалық акциясы шеңберінде жүзеге асып отыр. Ұйымдастырушылар облыс орталығында орналасқан «Аналар үйінде» болып, ол жердегілерге ақшалай жәрдем көрсетті. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға және жағдайы төмен отбасыларға да азық түлік, тұрмысқа қолданатын заттар беріліп, материалдық көмек берілді.

Айталық, игі шара қаламызда 20-шы ақпан күні басталған, бүгін өз мәресіне жетіп отыр. Дегенмен, ұйымдастырушылар алдағы уақытта да қайырымдылық шарасын жалғастыру жоспарларында бар екенін айтады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK