Келешек үшін кемел іс

528

Бүгінде  партия мүшелері «ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫН ПАРТИЯМЕН БАЙЛАНЫСТЫРАМЫН»-деп  толықтай  айта алады.

   «Нұр Отан» партиясының  Талдықорған қалалық  филиалы жұмысына көз жүгірткен адам ондағы  өткізіліп жатқан шараларға шын ризалық сезімін білдіреді. Мемлекетімізде жүргізіліп жатқан саяси-әлеуметтік жұмыстардың қай-қайсысының болмасын басы -қасында жүру партияның еншісінде. Талдықорған қалалық  партия  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсия Ахметова бізге  өткен жылғы атқарылған жұмыстармен ой бөліскен еді.

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы 28 бастауыш  партия ұйымында 11887 мүшенің басын біріктіріп отыр. Оның ішінде 30 жасқа дейінгі жастар 1923 болса, 8411-і  әйелдерден құралған. Осыған қарап қоғамдағы әйел адамдардың  белсенділігін көруге болады.

Әсия Турсынқызының айтуынша, Елбасы Н.Назарбаевтың  халыққа  арнаған Жолдауында көрсетілген тапсырмалардың жүзеге асырылуын білу мақсатында бастауыш партия ұйымдарында жиналыс, басқосулар , сондай-ақ, 230 партиялық топта осындай шаралар өтті. Ондағы  билік тармақтарына өзгеріс енгізу бойынша бес ұсыныс облыстық партия филиалына жолданыпты.

 Мемлекеттік «Нұрлы  жер», «2017-2021 жылдарға арналған  Нәтижелі  жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және  «2017-2021 жылдарға арналаған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» бағдарламалары бойынша ақпараттық-насихат тобы мүшелерімен талқыланған.

     Партияның «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел -өркендеуші ел», «Кедергісіз келешек»,  «Жастар Отанға», «Сәтті қадам», «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту»  және де бір бағыты «Ұлы дала қазынасы» жобасы  аясында сүбелі  жұмыстар атқарылды.  Бұл шараларға 68 мыңнан астам адам қатысып, 320 іс-шара  ұйымдастырылды.

   «Ардагерлерді ардақтайық»  жобасы бойынша Жеңіс күні мерекесіне орай «Ерлікке тағзым» атты әр партиялық топтарда  тақырыптық  шаралар өткізу, ардагерлерді құтттықтау  дәстүрге айналған.

 «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында отбасы жағдайы төмен балаларға арналған қайырымдылық шараларды топтастырады.

 

дереккөз

Өткен жылдың тағы бір көңілге қуаныш ұялатар маңызды жаңалығы- Астана қаласында өткен республикалық партия байқауында   «Ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» аталымында-  Талдықорған қалалық  партия филиалы жүлделі  3- орынды қанжығалап қайтты.

 Сондай-ақ,«Ең үздік бастауыш партия ұйымы» атты байқау қыркүйек айында қалалық партия филиалының  бастамасымен өткен болатын.

Аталмыш байқауға  қалалық 28 бастауыш ұйым түгелдей қатысып, оза шапқан  үшеуі облыстық кезеңге жолдама алды. Қазан айының аяғында  байқаудың облыстық кезеңіне 57 бастауыш партия ұйымы қатысты.  Осы байқауға қатысқан «Жарық» БПҰ жүлделі бірінші орынды иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды. Астана қаласында өткен   республикалық «Бастауыш партия ұйымы» байқауында  «Жарық» БПҰ (төрайымы Н. Әбеуова)  3-орынға лайық деп табылды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK