Талдықорғанда халықаралық балаларды қорғау күніне орай жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында жарыс өтті. Жетісу стадионында орын алған облыстық додаға 150 спортшы қатысты.

Жарыстың өтуіне Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқарамасы мен қалалық спорт бөлімі ұйытқы болып отыр. Мұндағы мақсат – үздік жел аяқтарды іріктеп, өңір құрамасына қосу. Сонымен қатар, олимпиадалық резервтегі мамандандырылған спорт мектеп-интернатына дарынды спортшыларды қабылдап алу жоспарланған.

Жарыс қатысушылары жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінді. Олар 60-100 метр қашықтыққа жүгіріп, өз араларында жүйріктерін анықтады. Мұнан бөлек, ұзындыққа секіріп, турнир жеңімпазы болуға барын салды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медаль, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK