Журналистер үйінде Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай  БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Жиынға Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жаныл Сүлейменова, Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету  департаменті басшысының орынбасары  Айымгүл Құлахметова және Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова  атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Айтар болсақ, халықаралық балаларды қорғау күніне орай шаралар пандемияға байланысты онлайн форматта қолға алынған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты  тұжырымдамасына сәйкес облыс аумағында ағымдағы жылдың  20 мамыр -20 маусым аралығында  акция ұйымдастырылып, ол сегіз бағытта өткізілуде.      Спикерлердің айтуынша,іс-шаралар мәдениет және демалыс саябақтарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

Аудан, қала әкімдіктері тарапынан балалардың жолда тегін жүруі, демеушілер тарапынан балмұздақтар таратылады.

«Құлыншақ» балалар анталогиясының тұсауы кесіліп, облысымыздағы барлық кітапханалар мен музейлерде «Бала — өмір мәні» тақырыбында экскурсиялар мен танымдық сағаттар ұйымдастырылатын болады.

Барлық мәдениет үйлерінде балалар әндерінен онлайн концерттер, мемелекеттік архивтерде ролик дайындалып,әлеуметтік желі арқылы жарияланады.

Мәдениет үйлері ғимаратының LED экрандарында бейне-клиптер мен балалар әндерінің көрсетілімдерін ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып балалардың ұлттық-мәдени орталықтарға онлайн баруы ұйымдастырылады. Мысалы, облыс орталығындағы Б.Римова атындағы Талдыкорган драма театрында  санитарлық талаптарды сақтай отырып, А.Аламанның «Жалқаудың жыры» спектаклі қойылады.

Мерекеге орай,  аймақтағы аудан мен қала орталықтарындағы мәдениет және демалыс саябақтарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, балалар суреттерінің көрмелері, асфальтта сурет салу байқаулары, спорттық ойын түрлерінен жарыстар өткізіледі.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында балалардың отбасында өмір сүру құқығын іске асыру мақсатында қамқоршылармен (қорғаншылармен), патронатты тәрбиешілермен онлайн кездесулер ұйымдастырылады.  Мүмкіндігі шектеулі балаларға бұл күні де ерекше көңіл бөлініп, байқау, фестивалдер өтеді.

 Жыл сайын балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны қолға алынып отыр.

Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдер арасында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жанрындағы   «Тәуелсіздік ұрпағы» атты  үздік арт-объектонлайн халықаралық сурет байқауының онкүндігі  жарияланды.

Өткен 2020 жылдан бастап өңірлердегі  білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне балалардың құқықтарын қорғау функциясын үйлестіру жұмысы жүктелген.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл А.Саинның бастамасымен министрліктің 2021жылдың 2 сәуіріндегі бұйрығына сәйкес барлық өңірдегі департаменттер базасында Баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі мониторингтік топ  құрылып, өз жұмыстарын бастап отыр.

Спикер А.Құлахметованың айтуынша, мониторингтік топтың негізгі мақсаты-білім беру, денсаулық сақтау және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында, арнайы білім беру ұйымдарында және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында балалардың білім алуына, тамақтануына, тасымалдануына, демалысына, сауықтыру және бос уақытын ұйымдастырылуына, балалардың құқықтарын қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу және оның нәтижелерін балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органга жіберу болып табылады. Салаларға қатысты 50-ден астам проблемалық мәселелер өз шешімін тапқан.

Үстіміздегі жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында облыс бойынша балаларға қатысты 72 оқиға тіркелген, оның 45-і әлеуметтік желі арқылы келіп түссе, департамент тарапынан 27оқиға анықталып, шешімін тапты.

Өкінішке қарай, бүгінде ата-ана мен баланың арасында қарым-қатынас-өте төмен. Балалар көбінесе компьютерлік ойындарға әуес. Сондықтан да,  ата-аналар  жазғы демалыс кезінде балалардың кітап оқуына уақыт бөлуге және музейлер мен көрмелерге баруына, дамыту үйірмелері мен спорт секцияларына қатысуларына көңіл бөлу керек.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK