Қазақстан денсаулық  сақтау министрлігінің 2021 жылғы 31 мамырдағы коронавирусқа шалдыққандар туралы мәліметі бойынша, қазір елде 27 180 науқас ем алуда. Олардың ішінде 10 908 пациент стационарда, 16 272 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Сондай-ақ елде 668 науқастың жағдайы ауыр. Дәрігерлер 152 адамның жағдайын өте ауыр деп бағалайды. 97 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған. Өткен тәулікте жалпы ел аумағында 1432 адамнан жұқпалы індет анықталып, 22 адам қайтыс болған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK