Қазақ халқына мың алғыс!

567
Фото авторы А.Нұршанов

1 наурыз – Алғыс айту күні аясында  «Айналайын» балалар үйінде мерекелік шара өтті.  «Қазақ халқына мың алғыс» атты жиын  мекеме қызметкерлері сахналаған көріністен бастау алды.

Фото авторы А.Нұршанов

Тілі, діні  басқа болса да өзгені өзегінен теппей бауырға басқан қонақжай халқымыздың дархан көңілін, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп отырған сәтті бейнелеген қойылым жиналған қауымның көзіне еріксіз жас үйірді.

Фото авторы А.Нұршанов

Бұл күнді 6000-нан астам балалар үйі мен мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері асыға күтетін көрінеді. Себебі, осы күні  балалардан қамқорлығын аямайтын «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызына ризашылықтарын жеткізеді. Мерекелік шарада әуелеген ән қалықтап, күмбірлеген күй де төгілді. Шара соңында қонақтар өнерпаз балдырғандарға алғыс білдірді.

 

Фото авторы А.Нұршанов

Артем: Жыл сайын мерекені атап өтеміз. Бір-бірімізге жылы сөзімізді арнап, жақсылық жасаймыз. Мен осы орайда балалар үйінде қызмет ететін барлық жақындарыма алғыс білдіргім келеді. Әрдайым бізге жақсылық жасайтын жандарға ризашылығымызды білдіруден аянбауымыз қажет деп ойлаймын. Біздің балғын балалық шағымыз, жарқын болашағымыз үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа және Сара Алпысқызына рақмет айтамын.

Фото авторы А.Нұршанов

Айта кетейік, Жадыра Сейсембаева басшылық ететін  балалар үйінде бүгінгі таңда 115 тәрбиеленуші бар. Мұнда жатын орынмен қатар кітапхана, музыкалық зал, спорт алаңы, асхана, дәрігерлік бөлім бар. Сондай-ақ, Ескелді ауданында балалардың жазғы демалыс-сауықтыру лагері орналасқан. 2006-2017 жылдар аралығында 51 тәрбиеленуші мемлекет тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK