Биыл мектептердегі  «Соңғы қоңырау» шарасы өңірдің бас санитарлық дәрігердің келісімімен және барлық санитарлық талап сақтала отырып, 25 мамыр күні өткізіледі. ҚР  Білім және ғылым министрлігі  баршаға белгілі болғандай, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Соңғы қоңырауды» өткізудің 3 форматын ұсынып отыр.

Біріншісі –9, 11 сыныптарға, 300 оқушыға дейінгі контингенті бар мектептерге (салтанатты линейка) өңірлік Бас санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша мектеп аумағында ашық алаңда санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізу.

Екіншісі — сыныпта (сынып сағаты түрінде).

Үшіншісі — онлайн (сынып сағаты түрінде).

 Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беру, мектеп ауласы мен ғимаратында сызба сызу, ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы, бетперде режимін және 1,5 метрден кем емес арақашықты сақтау – басты талап.

интернет желісінен алынды

Ал, «Сәт сапар, жас түлек» атты  шара барысында облыстардың, жергілікті жердегі әкімдерінің құттықтауларын әзірлеуді, үздік мұғалімдер, оқушылардың жетістігі, үлкен табысқа жеткен мектептің танымал түлектері, мәдениет және спорт саласының өкілдерінің қатысуын,  мектеп түлектерінің бейнеүндеуін (видеообращение) ұйымдастыру ұсынылып отыр. Шектеу шаралары ескеріліп, іс-шараның тәрбиелік маңызын арттыру мақсат болғандықтан,   іс-шара ресми мектеп қабырғасында өткізіледі. Ал түрлі ойын-сауық орталықтарында мерекелік дастархандар жасауға рұқсат етілмейтіндігін назарларыңызға ұсынамыз.

Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтерге  кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға қатаң тыйым салынып отыр.

Талдықорған қаласы бойынша да 26 жалпы  білім беру (кешкі мектепті қосқанда) ошақтарын аяқтайтын оқушылар үшін соңғы қоңырау  облыстың және де қаланың бас санитар дәрігерінің пәрменіне сәйкес онлайн түрде сынып сағаты ретінде  өткізіледі деп күтілуде.  25 мамырда сағат  9-да барлық мектепте онлайн-соңғы қоңырау салтанаты өтеді.

Алтын ұя мектепті аяқтап, қолдарына мемлекеттік аттестат алатын 9 және 11-сынып  оқушылары үшін бұл шара ерекше болары сөзсіз. Биыл 9-сыныпты 2367 оқушы аяқтап отыр.

Талдықорған қалалық білім бөлімінің мәліметіне сүйенер болсақ,  қала  мектептерін, кешкі мектепті қоса алғанда,  1323 түлек бітіреді.  Мектеп бітірушілердің  88-і «Алтын белгіден»  және 28-і үздік аттестаттан үміткер.

Орта мектепті бітірушінің 1017-сі    ҰБТ  сынағын  тапсыруға  ниет білдіріп отыр.  Мектеп бітірушілер      мемлекеттік грант үшін  екі кезеңде өз бақтарын сынай алады.  Арнайы тестілеу орталығы биыл  №25 орта мектепте орналасқан.

Айтар болсақ, мектепте әр сынып бойынша оқушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізілді.

Қазіргі карантиндік талаптарды сақтай отырып, мектеп қабырғасын аяқтаушы сыныптардан мемлекеттік сынақ емтихандары алынады. Оларға  мемлекеттік білім сынағынан сүрінбей  өтсін деген тілек айтқымыз келеді.

Еліміз бойынша оқушылар  осы  жылғы  26 мамырдан бастап жазғы демалысқа шығады. Мамырдың соңында жазғы мектептер ата-аналардың  өтінішіне сәйкес  жұмыс жасайды. Онда  оқу үлгерімі нашарлаған  оқушылар олқылықтың орнын толтыра алады.

                                                                                          

.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK