Сенаттың жалпы отырысында сенатор Динар Нөкетаева мектептегі кітапханашылардың жалақысын арттыру туралы мәселе көтерді,- деп хабарлайды басқа ақпарат көздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz

Мәдениет саласындағы жалпы халыққа қызмет көрсететін кітапхана қызметкерлерінің жалақысы 30-50 пайызға көтерілді. Алайда, мектептегі кітапханашылардың еңбекақысы сол күйінде қалды. Ал жас ұрпақты тәрбиелеу мен ұлттық құндылықтарды сақтау тұрғысында осы мамандардың атқаратын рөлі зор. Ендеше, білім ұйымдарындағы кітапханашылардың жалақысы басқа кітапханашылармен қашан теңеседі?,- деп сұрады депутат Білім және ғылым министрінен.

Министр Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мектеп кітапханашылары барлығы білім қызметкерлері болып саналады. Сол себепті мәдениет саласындағы кітапханашылардың жалақысын арттыру науқанына ілікпей қалды деп отыр.

Бүгінде мектеп кітапханаларында 13,5 мың адам жұмыс істейді. Білім саласында қызмет ететін кітапханашының жалақысы мәдениет саласындағы әріптестерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ал жұмыс мазмұны бірдей және өзіңіз білесіздер, әсіресе, шалғайдағы елді мекендерде жалғыз кітапхана ғана жұмыс істейді, ол оқушыларды ғана емес, барлық тұрғынды кітаппен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда осы мәселе бойынша арнайы жұмыс тобы құрылеан. Оған Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қаржы министрлігінің мамандары кірген екен.

 

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK