Алғысым шексіз, Отаным!

457
Дереккөз

2016 жылғы 14 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, Жарлыққа қол қойған болатын. Осылайша халқымыз жыл сайын дәстүрлі түрде Алғыс айту күнін атап өтеді.

Дереккөз

Елбасымыз  «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне  мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі   жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын. Бұл күн — тағдыр тәлкегіне ұшырап, жерімізге қоныс аударған түрлі ұлт өкілдерінің  қиын-қыстау кезеңде бауырына басқан халқымызға тағзым көрсетер күні. Бұл күн — бейбіт заманда өмір сүріп отырған барша азаматтың бір-біріне құрмет көрсетер күні. Бұл күн — татулық пен бірлікті ту еткен, ынтымағы жарасқан еліміздің мейірімділік пен қайырымдылықты айшықтайтын күні. Айта кетейік, әлем елдері де бұл мерекені сән-салтанатпен атап өтеді. Мысалы, АҚШ  халықтары   қараша айының  төртінші жұлдызында  мерекелейді. 1621 жылы губернатор Уильям Брэдфорд  тайпалардың көсемін жинап, рақметін айтады. Осылайша ауыр тұрмысты басынан өткергендердің көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Ал, 1789 жылы Джордж Вашингтон бұл күнді  ұлттық мереке деп жариялаған. Барша жанұя мүшелері дастарқанда бас қосып, ағайын-туысқа жақсылық жасауға, түрлі сый-сияпат сыйлауға   асығатын көрінеді. Канадалықтар 2 қазан күні, Жапония 23 қарашада, қытайлықтар қыркүйек айының соңы мен қазанның ортасында атап өтеді.

Фото авторы А.Нұршанов

Аталмыш мерекеге орай Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз мәслихаты өтті. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай «Жылдан-жылға мерекенің өзіндік дәстүрі қалыптасып келеді. 20 ақпаннан бастап облыс аумағында орналасқан елдімекен, ауыл-аймақты  тұтастай қамтитын  он күндік мерекелік  шарасы бастау алды. Осыған сәйкес «Тағдыр тоғыстырған Қазақстан» атты шара өткіздік. Кездесуде зұлмат заманды басынан өткерген өзге ұлт өкілдерінің ұрпақтары  қатысып, өткен күндердегі ауыртпашылық, ұлт арасындағы достықтың ерен үлгілері мен тағылымды әңгімелер айтып, ойларымен бөлісті. Күні кеше әр этнос өкілдерінен құралған шығармашылық топ Текелі қаласындағы Қарттар үйінде қайырымдылық концертін өткізді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілді. Бұл шара бізде мереке аясында дәстүрге айналды деуге болады» — деп атап өтті. Сондай-ақ, Ғ.Тұрсынбайұлы 2012 жылы Қаратал ауданында бой көтерген  «Қазақ халқына мың алғыс» атты монумент жанында жыл сайын  митинг өткізілетіндігін тілге тиек етті. Жалпы он күндік аясында 1300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, оған 30 мыңға жуық халық қатысқан.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK