Апатты және төтенше жағдайлар, саяси оқиғалар кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған хабарламалар көптеп тарайды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, фейк ақпарат таратқандар жазаланады. Десе де, көп адам мұндай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынынан бейхабар.

Қазақстанда жалған ақпарат таратушылар үшін 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.

  • 5000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу;
  • Түзету жұмыстарына немесе бес жылғадейінгі мерзімде бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Осы терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектесу ақпараты үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары  Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектесті ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу тәртібін айқындайды.

 Сыйақыны төлеу терроризмге қарсы іс – қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға осы мақсаттарға тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектесетін ақпаратты хабарлаған адамдарға уәкілетті орган сыйақы төлейді. Сыйақы бір мезгілде төленеді және мынадай тәртіппен белгіленеді:

  • 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255– бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 750 (жеті жүз елу) айлық есептік көрсеткіш;
  • ҚК 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша-1000 (бір мың) АЕК.

Сыйақыдан бас тартқан жағдайда терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектесетін ақпаратты хабарлаған тұлға уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) тиісті өтініш береді.

  1. Терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы, егер кінәлі адамға қатысты:

2014жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі-ҚІЖК)  521 – бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы соттың айыптау үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енген;

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK