« Баратын жеріміз ғой… »

   Жерлесіміз, журналист, талантты сықақшы – Серік Жортанов дүниеден қайтып, соңғы сапарына шығарып салу үшін қала шетіндегі қазақ зиратына қарай  беттеп барамыз… Облыстық баспахананың бастығы Әли Ысқабайдың машинасына кілең журналист, жазушылар жайғасыппыз. Әлекеңнің ежелден « Давай, давай, тез! » деп асықтыратын әдеті бар еді. Жанындағы жүргізушісін:

— Давай, тездет! Ана машинаның алдына түс?! – деп асықтыра бастады.

— Әй, Әлеке құрдас, сол жаққа асықпай — ақ қойсақ қайтеді, түбі баратын жеріміз ғой… – деді ақын ағамыз — Әбен Дәуренбек сәл езу тарта.

      

                                                « Ең сауы – мен »

 

Әріптестерімен бірге болып,түн ортасында қызыңқырап үйіне оралған Әбен ағамыз қоңырауға қолы жетпей табалдырықты тықылдатса керек.

— Сонша ішіп не көрінді? — деп ренжиді жеңгеміз.

— Тсс!.., — депті еңбектеген беті ішке кірген ол. — Қалғандар кабинетте құлап қалды, ең сауы – мен…

                                            « Рас екен… »

   — Сен ұйықтағанда ауызыңды ашып жатасың? — деп жеңгеміз

Әбен ағамызға жиі ескерте беріпті. Түн ортасында оянып кетіп,  аузына саусағын тықса шынында ашық.

                — Айтқаның рас екен, бәйбіше, — депті шырт ұйқыда жатқан әйелін оятқан Әбекең мәз болып.

                         « Жұмыста көреді, үйде көрмейді »

  — Көзім жұмыста көреді, үйде көрмейді, — дейді Әбен ағамыз дәрігерге шағым жасап.

— Көзіңіз орнында, — дейді емдеуші қайта — қайта қарап.

— Көзілдірігіңізді тексертіңіз?…

— Бекер  медик боласың ба, «диагнозың» дұрыс, — депті екі күннен кейін оралған ол дәрігерге. – Жұмыстағы көзілдірігімде әйнек бар, үйдегісінде жоқ екен.

                           « Теңге тұрмақ тиын да жоқ »

Түн ортасында үйқылы — ояу төсегінен тұрған Әбен ағамыз тоңазытқышын ашыпты да:  — Түбің түскір, таксист, машинаңның іші суық екен. Саған теңге тұрмақ тиын да жоқ, — деп есігін серпе жауыпты.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK