«Қазақстанның киелі жерлері» ерекше қастерленетін табиғи, мәдени мұра және діни сәулеттің айрықша ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар. Жастарға еліміздің тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын алатын ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі жалпыұлттық және жергілікті нысандар мен кешендерді таныстырып отыру басты міндетіміз.

Осы мақсатта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 3 курс «география» мамандығының студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Алматының киелі жерлері: Райымбек батыр кесенесі» тақырыбында көшпелі ашық куратор сағатын Райымбек кесенесінде өткізді.

Райымбек кесенесінде Қанат есімді имам студенттерге: «Райымбек батыр жайлы, «батыр есімінің өзіне кие тұнғанын көпшілік біле бермейді. Жалпы жұрт Райымбекті «әулие адам» ретінде емес, мыңды жеңген «жаужүрек батыр» ретінде ғана біледі. Иә, ол даңқты батыр болды. Оған ешкімнің таласы жоқ. Бірақ бұл тұлғаның есімінен бастап, қазіргі денесі жатқан жерге дейін қасиетті, киелі екендігін бірі білсе, бірі білмес. Бұл жайлы ел арасында айтылатын аңыз көп» деп бірнешеуін айтып берді.

Райымбек батыр жайлы патриоттық әңгімелер айтылып киелі жерлердің болашақ жастарды тәрбиелеудегі рөлі ашып көрсетілді. «Киелі жерлерді дәріптеу болашақ жастарды патриоттық негізде тәрбиелеудің басты құралы» екенін ұмытпауымыз керек.

Ә.Т.Мылқайдаров

«География, жерге орналастыру және кадастр»

кафедрасының доценті,

Сарсенова И.Б. PhD доктор

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK