Ғибратты қазына

381
фото Мұқит Шерияздан

Талдықорғанда Алматы облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Ғибратты қазына» атты рухани кеш өтті. Танымал дінтанушы мамандар мен өрелі өнер иелерінің басын қосқан игі шара бір-бірінен бөле қарауға болмайтын дін мен дәстүр сабақтастығын жан-жақты дәріптеу арқылы  халықтың діни сауатын арттыруға бағытталған.

Басқосуда алдымен белгілі дінтанушы Айбек Нәби ислам дінінің кіршіксіздігі,  қазақ халқының тарихи ұстанымы жайында жан-жақты  түсіндіріп берді. Осыдан соң белгілі ақын, тінтанушы Кәмнұр Тәлім:  «Ұлтымыздың ғасырлар бойы  сана-сезімдеріне сіңіп, салт-дәстүрі болып қалыптасқан діни ұстанымдарының орны ерекше. Себебі, бұл қазақтың ұлы ғұлама, ақын-жазушыларының даналық сөздері, жыр-дастандары арқылы, жұрт жүрегінен терең орын алған. Оған кешегі қиын қыстау замандарда қарсы қойылған  небір қитұрқы әрекеттер де еш бөгет бола алмаған. Қайта, ұрпақтан ұрпаққа тарап, төл мәдениетімізбен әдеп-ғұрпымыздың алтын арқауына айналды. Бүгінгі жастар ата-бабаларымыз ұстанған сол бағыттан таймаса еш адаспайды» – деді.  Шара барысында өнерпаздар дін мен дәстүр сабақтастығын ұлтымыздың от ауызды, орақ тілді шешендерінің терме-толғауларымен жеткізсе, кеш жүргізушісі Жұмахмет Жайлаубаев даналар сөзі мен түйіндеді. Кешті қорытындылаған облыстық Дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов  бұл шара жастардың дін туралы түсінігін айқындап,  діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға тигізер пайдасы зор деп атап көрсетті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK