Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, 2021 жылдың Ұлттық санағын 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта  sanaq.gov.kz. арнайы сайтында онлайн режимде респонденттердің өздерінің толтыруы арқылы жүргізу жоспарлануда. 

Жүйе тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады. Респондент санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы кез келген уақытты таңдай алады, сондай-ақ сайтта бланкты толтыруды тоқтату және оны толтыруды кейін қайта жалғастыру мүмкіндігі болады.

Сонымен қатар egov.kz электронды үкімет платформасында sanaq.gov.kz сайтының қосымша парағы орналастырылады, ол арқылы электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, санаққа қатысуға болады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар «Aitu» мобильді қосымшасы арқылы Ұлттық санаққа қатысу мүмкіндігі ұсынылатын болады.

 Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,   ұлттық санақ жүргізу жөніндегі жұмыстарына 32 мыңнан астам адам тартылады Уақытша жұмысқа келесі талаптарға сәйкес келетін Қазақстан азаматтары тартылады: жасы 18-ден жоғары, бастамашыл, жауапты, тез тіл табысатын, компьютермен жұмыс жасай алатын тұрғындар, ал жұмыс өтіліне және кәсіби біліміне талаптар қойылмайды. «Қазіргі уақытта 17 аймақтан жалпы саны 85 адамнан тұратын ұлттық санақты дайындау және өткізу жөніндегі штаттан тыс бөлімдер құрылды. Барлық қызметкерлермен еңбек келісімшарты жасалды, дәрежелеріне байланысты 65-105 мың теңге аралығында айлық еңбекақы белгіленді. Бұл бөлімдер өз аймақтары бойынша санаққа дайындық және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде, уәкілдердің, нұсқаушы-бақылаушылардың және интервьюерлердің жұмыстарын бақылауда», — дейді бюроның баспасөз қызметінде.

 Шараға онлайн режимде де, сондай-ақ, дәстүрлі тәсіл арқылы да қатысуға болады.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK