«Jetisy media» ақпараттық алаңында өткен «Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің педагогикалық әдеп және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі» турасындағы  жиында  педагогикалық әдепті сақтау мен педагогтердің құқықтарын қорғау мәселесі   қозғалды.

Спикер Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Қабимолдаева, барлық өңірлік білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінде педагогтердің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрылғандығына тоқталды.

«Консультативтік –кеңесші органның негізгі міндеттері мұғалім қауымының мәртебесін арттыруға  және нығайтуға бағытталған қызметі жүзеге асыру болып атабылады. Әдеп нормаларын бұзған адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге құзырлы орган білім беру ұйымдарының басшылары мен өзге де лауазымды тұлғаларды, педагогтік әдеп жөніндегі кеңес төрағаларын тыңдауға құзырлы. Бүгінде облыс бойынша 944, оның ішінде мектептерде-691,колледждерде- 62, балабақшаларда- 177 және қосымша білім беру ұйымдарында 14 әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс жасайды. Бұл кеңестер педагогтерден түскен 12 арызды қараған »,-деді Сәуле Нұраханқызы.

Бүгінге дейін консультативтік- кеңесші органның 2 отырысы өтіп, олардың міндеті, ережеесі, жұмыс жоспары құрылған. Сондай-ақ, Қарасай аудандық білім бөлімі басшысының білім беру ұйымдарындағы педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің атқарған жұмысының  есебі тыңдалды. Аудандағы Алтын ауылдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінен келіп түскен  екі арыз қаралыпты. Қорытындысында, аталған мектеп басшысын тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.

Департаменттің әлеуметтік желілерге жүргізіп отырған мониторинг нәтижелері көрсеткендей,  респблика көлемінде, ұстаздардың құқықтары мен әдеп нормаларын өрескел бұзу жағдайлары әлі де кездесіп отыр. Спикердің айтуынша,  педагогтермен тығыз байланыста жұмыс жасау, олардың өтініш-шағымына қарай нақты шаралар қолдану – департаменттің ұстанымы. Педагог мәртебесіне қатысты қандай  да болмасын арыз-шағым, өтініш  назардан тыс қалмайтын болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK