Сенің айтып тұрғаның қай насыбай?

601
дереккөз

Айтыс өнері жаңа жандана бастаған 1990- 1991 жылдары халық Алматыдағы үлкен мәдениет сарайына сыймай, аузы-мұрнынан шығып жататын кез еді. Елдің ауызында Әселхан Қалыбекова, Есенқұл Жақыпбеков «Әй-әй-әй» деп басын шұлғитын Қонысбай Әбілов, Әзімбек Жанқұлиевтардың жұлдызы  жарқырап тұрған уақыт.

Наурыз кезіндегі бір айтыста Ерік Асқаров пен Алматы облысының сол кездегі жүйрігі Нәсілхан Мамасейітова финалда айтысады ғой. Еріктің шақша ұстап, насыбай ататын әдеті бар еді. Осы насыбайға жабыса кеткен Әселхан Ерікті тұқыртпақ болып насыбайды жырға қосады. Сөз кезегі өзіне келген Ерік:

Келеді айта берсем ән тасып-ай,

Шақша да батып барад жамбасым-ай,

Әселхан насыбайды айтып қалдың,

Сенің айтып тұрғаның қай насыбай? — деген екен.

А. БҰЛҒАҚОВ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK