«Жасыл ел» кубогінің облыстық турнирі өтті

252
Дереккөз

«Жасыл ел»  жастар еңбек жасағының құрылғанына XIII жыл толуына орай  облыстық штаб волейболдан турнир өткізді.

Сайысқа «Айбын», «Жастар», «Жетісу», «Жасыл ел», «Медицина колледжі», «Карабұлақ» сынды жергілікті командалармен қатар,  аудан орталықтарынан арнайы келген «Ақсу», «Көксу», «Ескелді» командалары қатысты. Тартысқа толы бәсекеде «Жастар»  командасы жеңімпаз  атанса, II орын «Ескелді», III орын «Жасыл ел»  еріктілеріне бұйырды.  Айта кетейік, «Жасыл ел»  еңбек жасағы «Ардагерлерді ардақтайық», «Экодесант», «Велопатруль», «Жақсылық жаса!», «Таза аула», «Антиграффити», «Отан- ағаш» сынды игілікті істерді  ұйымдастырып келеді. Сондай-ақ,  «ZHASYL-EL UPGRADE»–ті ең алғаш боп бастап, аталмыш шара өзге аймақтарда да  жалғасын тапты. Жүйелі түрде атқарылып жатқан жұмыстың қорытындысы да көңіл қуантарлық. Атап айтар болсақ,  жерлестеріміз республика бойынша бірнеше жыл қатарынан “Үздік штаб”  ретінде танылып келеді.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK