Қылқалам шеберінің «Бояулар күмбірі»

358
Дереккөз

Көркемөнер галереясында  суретші Шаттық Батанның “Бояулар күмбірі” атты жеке шығармашылық көрмесі өтті. Онда бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар дарын иесінің 30-дан астам туындысы қойылды.

Ұйымдастырушылар көрмені өткізудегі мақсат — егеменді еліміздің ұлттық мәдени мұрасын, салт – дәстүр, рухани байлығымызды, қол жеткізген толымды табыстарымыз бен  жеткен жетістіктерімізді кеңінен насихаттау дейді.  Суретші шығармаларының негізгі өзегі – таңғажайып табиғаттың сұлулығы, қарапайым ауыл адамдарының күнделікті тыныс-тіршілігі. Осылайша қылқалам шебері өмірдің сан алуан құбылыстарын қаз-қалпында бейнелейді. ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Ш. Батан “Біз сурет өнерін ұлттық деңгейде бағалауға ұмтылуымыз керек. Алысқа бармай-ақ өзіміздің суретшілеріміздің композицияларынан нәр алып, нағыз өнерді тануға талпынайық. Біз оларды қаншалықты көкке көтере алсақ, төл мәдениетіміз де соншалықты биік болады. Бір картинаны салдың делік.  Ол жай ғана орындаушылық. Бірақ, туындыға жан бітіру үшін онда сенің шығармашылық шешімің, бояуың, түсің болуы шарт. Өзіңнің көңіл күйіңді сол картинаға бере алсаң ғана ол жанданып, нағыз өнер туындысына айналады. Картиналарымда ұлттық бояуларға, қанымызға тән қанық түстерге басымдық беремін. Әр шығармам жанымның бір бөлшегі сияқты. Нағыз өнерді саудаға салуға болмайды. Ол сол дәуірдің тынысын болашаққа жеткізуші. Суретпен тыныстаймын, суретпен өмір сүремін. Ең негізгі мақсатым — өнер алдындағы тазалықты сақтау. Киелі өнердің қадірін кетірмеу, тұнығын лайламау” – дейді.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK