Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

299
Фото авторы А.Нұршанов

В. Маяковский атындағы кітапханада жас көркемсөз оқу шеберлері арасында «Жырымды саған арнаймын — сүйікті қалам Талдықорған!» атты байқау өтті. Аталмыш сайыс ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Фото авторы А.Нұршанов

Мұндағы мақсат — мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту,  көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру және талантты жастарды ынталандыру. 13-18 жас аралығындағы әдебиет әлеміне қызығушылығы басым  жастар  екі бағыт бойынша бақтарын сынады. Алғашқы кезеңде үміткерлер ақындардың шаhарымызға арнаған өлеңдерін, екінші бөлімде  көркем шығармадан үзінді оқыды. Қатысушыларға ҚР Мәдениет қайраткері, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының актері Абай Нұғманов,  облыстық Жастарға қызмет көрсету орталығының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Рүстем Қалиев және «Жетісу» газетінің тілшісі, жас ақын Мұхтар Күмісбек қазылық етті. Нәтижесінде бас жүлдеге туындыны мәнерлеп оқу, актерлік шеберлігімен жиналған қауымды тәнті еткен  Сая Сатыбалдиева лайық деп танылды.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK