«Жомарт жүрек» сыйлығының «Ерен еріктілік» номинациясының жеңімпазы

1013

✅ Рузанов Сергей Викторович – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы ұйымдастырылған «Жомарт жүрек» сыйлығының «Ерен еріктілік» номинациясының жеңімпазы.

Жауапкершілігімен және ұйымдастырушылық қабілеттілігімен «Риск» Құтқару жасағы» ҚБ құрды. Құтқару жасағының негізгі міндеті туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға көмек көрсету шаралары. 30-дан астам құтқарушыларды даярлады. 1999 ж. және 2012 ж. жыл сайын «ҚАЗСПАС» Құтқару қызметінің семинар-жиындарына қатысып, Қазақстан Республикасының «Құтқарушы» мәртебесін иеленген. «Қазақстанның Туристік одағы» ҚБ-ті құрудың бастаушысы болды. Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп, туризм нұсқаушыларын даярлау бойынша бірнеше рет семинарлар жүргізді. Құтқару жұмыстарына волонтерлік қызметтерге белсенді қатысады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK