Қарасай ауданы, Шамалған ауылының «Үшқоңыр» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің Алматы облысы әкімінің жүлдесіне арналған «Жетісу Бөрісі» облыстық іріктеу жарысы өтті.

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл жарысқа 17 ауданнан палуандар қатысып, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ұлттық спорт түрі қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдаманы таласқа салды.

Тартысты әрі қызықты өткен жарыстың қорытындысы:

1 орын – Руслан Әбдіразақов (Балқаш ауданы)

2 орын – Александр Касачев (Талдықорған қаласы)

3 орын – Ұлан Рысқұл (Іле ауданы)

Талдықорған қаласының спортшысы А.Касачев (жаттықтырушысы Е.Иманғалиев) жүлделі 2 орын иеленіп, 1 орын иеленген Р.Әбдіразақовпен бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде Алматы облысының намысын қорғайтын болады.

Жарыстың 1 орын иегері дипломмен, медальмен және Лада Гранта автокөлігімен, 2 және 3 орын иегерлері дипломмен, медальмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс көрермендерсіз және барлық санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтап өткізілді.

Талдықорған қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK