«Халықтар достығын» алдыңғы орынға шығарған көпұлтты Қазақстан үшін маңызды мерекенің бірі, 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні де келіп жетті. Бұл мейрамның сан ғасырлық тарихы бар еліміз үшін орны ерек. Ұлтым басқа болғанымен осы елдің ұланымын. Бұл мен үшін мақтаныш. Тегім бөлек болғанымен тілегім бір. Өйткені, дәл осы ата-қоныс бізді бір арнаға тоғыстырып, мақсат атты арғымаққа мінгізіп, Хантәңірі іспетті биік шыңды бағындыруға ықпал етті.

Мұқағали Мақатаевтің үніне құлақ ассақ: «Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем»,-демекші мен үшін қасиетті мекенімнің әр тасы қымбат, әр күні қадірлі. 130-дан астам ұлт пен ұлыс мекен ететін қара шаңырақтың әрбір тұрғыны ел іргесіндегі тыныштық пен бейбітшіліктің қадіріне жетіп келеді. Өйткені, бұл жарқын болашақтың кепілі.

Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі – еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, сондай-ақ өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Еліміздің басты қорғаушы күші –этносаралық үйлесім екені ақиқат. Оны сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз екенін естен шығармауымыз керек. Мереке құтты болсын!

Галина Митковских,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,

«Jetisymedia» КММ-нің басшы орынбасары

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK