Жетісу хореография орталығы жұмысын бастады

1021
Фото авторы Д.Сағындық

Талдықорған қаласында халықаралық би күні қарсаңында «Би-Әлем» Жетісу хореография орталығы ашылды.

Негізгі мақсат — Жетісу би өнерін зерттеп, халыққа кеңінен насихаттау, би үйірмелерін ашу арқылы мамандарды жұмыспен қамту. Үйірмелер тек жеткіншектер арасында ғана емес, орта буын өкілдеріне де арналмақ. Орталық екі бағытты қамтиды. Біріншісі – қазақ ұлттық және өзге ұлт биі, екіншісі — заманауи билер. Айта кетерлігі, аталмыш орталық өнер ұжымдарын бір арнада тоғыстырған еліміздегі тұңғыш орталық болып саналады. Жиынға ҚР еңбек сіңірген әртісі Тойған Ізім, Селезнев атындағы хореография училищесінің директоры Мұрат Төкеев, аталмыш бірлестіктің мүшелері қатысты. Облыстық мәдениет басқармасы, хореография училищесі мен «Би-Әлем» орталығы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Жиын барысында халықтың рухани өміріне атсалысып, жас ұрпақты би өнеріне баулып жүрген бірқатар өнерпаздар мен жетекшілер Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Айта кетейік, облыс әкімдігінің қолдауы мен мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылы бірнеше мәдени бірлестіктер ашылған болатын.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK