Биыл еліміз Тәуелсіздік алғанына 30 жыл. Осы уақыт ішінде бірлікті бекемдеп, татулығын нығайту жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарған істері ауқымды. Осыған байланысты 28 сәуір күні  Елордада Елбасы, Қазақ­стан халқы Ассамблея­сы­ның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты Қазақстан халқы Ассам­блеясының XXIX сессиясы өтті.

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен жиында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы: «Бiз, ортақ тарихи тағ­дыр бiрiктiрген Қазақстан хал­қы» деген сөзбен басталатын Конституциямыздың преамбу­ласы атқара алады. Бұл сөйлем өте маңызды. Сондықтан Конс­титуцияны жазу барысында оған ерекше мән берген едім. Ата заң ұлтына, сеніміне немесе тіліне қарамастан барлық отан­дасымыздың ортақ мүддесін білді­реді. Конституциямыздың 11-бабы мем­ле­кетіміздегі бір­лікті, бейбітшілік пен келі­сімді бекі­теді, қорғайды және ны­ғай­тады. Елі­мізде тіліне, дініне, ұлтына бай­ла­нысты белгілер бойынша қан­дай да бір кемсітушілікке тыйым салынады», – деп атап көрсетті. Осыған сәйкес бүгінде 130-дан астам ұлт пен ұлыс ірге тепкен Жетісу жеріндегі халықтың татулығы көпке үлгі.  Мәселен, мен Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 2012 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Ондағы әрбір ұлттың өкілі бір-бірімен өте тату. Міне, бұл Қазақстандағы  жалпы отандастарымыздың ортақ мүддесін қорғайтын  Ата заңның және  бейбітшілік пен келі­сімнің нәтижесі екені анық.

                                                                              Аслан Исаевич  Муртазалиев,                                                                                            Талдықорған қаласының                                                                         тұрғыны. 

                                                                      

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK