«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының ХХХІ есеп беру – сайлау конференциясы өтті. Онда қалалық филиал төрағасы, саяси кеңес мүшелері, облыстық филиалдың сайлау конференциясына қатысатын делегаттар сайланды.

Аталған жиынға «Nur Otan» партиясы Алматы облысытық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Қожағұлқызы, қала әкімі Ержан Жасыбаев, мекеме басшылары, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, ардагерлер, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, мемлекеттік емес мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Басқосу барысында алдымен қалалық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Аманжол Жазықбаев өткен жылы атқарған жұмыстарын баяндады. Ол өз сөзінде Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» акциясы аясында (пандемия кезінде) еріктілердің қатысуымен 3 мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттерін жеткізгенін, 14 мыңнан астам адам 50 000 теңгеден қаржылай көмек алғанын атап өтті. Бұдан бөлек, Арыс қаласында орын алған қайғылы жағдайға және Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек көрсетілгенімен де бөлісті.

Сонымен қатар, А.Жазықбаев 2019-2020 жылдары қоғамдық қабылдауға 1603 өтініш түскенін айтып, оның ішінде 829 өтініш оң шешімін тапқанын баяндады. 774 өтінішке тиісті кеңес беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Осыдан кейін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Қожағұлқызы сөз алып, қала  әкімі Е.Жасыбаевты «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының төрағасы лауазымына ұсынды. Жиында отырғандар бір ауыздан оның кандидатурасын мақұлдап,  қолдау танытты.

Мінберде сөз алған қала әкімі:  — Ел сеніміне ие болған үлкен саяси-ұйымның Талдықорған қалалық филиал төрағалығына сенім артып сайлағандарыңызға алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта партияның алға қойған мақсаты мен міндеттерін бірлесе отырып жүзеге асырамыз деген сенімдемін, — деді Е.Жасыбаев.

Айталық, конференция барысында Саяси кеңес құрамына  21  партия мүшесі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының ХХVIII есеп-беру сайлау конференциясына 39 делегат сайланды. Оның ішінде 24 адам облыстық партия  филиалының  өкілеті,  15 делегат қалалық партия филиалынан  ұсынылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK