WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) 5 мамырда Лас-Вегаста белгіленген жекпе-жекке байланысты  қайтадан көз арбасты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар Лос-Анджелесте медиа іс-шара аясында өткен кездесуде көз арбасты. Сондай-ақ, Головкин мен Альварес баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап береді.

Айта кетейік, 5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да  өтетін бокс кешінің билеттері 28 ақпаннан бастап сатылымға шығады. Олардың бағалары 300 (96 000 теңге) — 5 000 доллар (1 600 000 теңге) аралығында.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK