Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары 9 мамыр – Ұлы жеңіс күні мерекесі қарсаңында соғыс ардагері Ысқақ Құсайновқа құрмет көрсетті. Халық қалаулылары майдангердің үйіне барып, арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстады.

Қазір қала бойынша бес соғыс ардагері ғана қалған. Олардың алды тоқсанның сегізіне келсе, ең кішісі тоқсан алтыда. Атап айтсақ, Алтынай Есболат, Сарсенбай Қаңтарбай, Михаил Баранов, Төлеубай Шектібаев және Ысқақ Құсайнов бүгінгі күннің қаһармандары.

Мәслихат депутаттары өткен аптада төрт қарияға сыйлықтарын берген еді. Бұл жолы олар «Солтүстік-Батыс» тұрғын ауданы Кудерин көшесі 16-шы үйде тұратын Ысқақ Әбілпейісұлының шаңырағында барды. Соғыс ардагері үйінде болмағандықтан халық қалаулылары алып келген тарту-таралғыларын қарияның қызы (суретте) Гулсінжан Ысқаққызына табыстады. Кездесу барысында қалалық мәслихат аппаратының басшысы Тимур Қапасұлы, мәслихат депутаттары Әнуар Бөкенов пен Марина Владимировна үй иесіне қала әкімдігінің ыстық сәлемін жеткізді.

Ы.Құсайнов – 1924 жылы Алматы облысы қазіргі Алакөл ауданы (Андреев) Көлбай ауылында дүниеге келген. 18 жасында соғысқа аттанып, Украинада пулеметші болып майданға қатысады. 1943 жылы Тынық мұхитындағы Амур флотында атқьшгтар дивизиясына жіберіліп, кемеде камандор міндетін атқарған. Сондай-ақ, 1945 жылы Жапон Совет соғысына да қатысып, кемеде зенитчик болды. Сол жерде жүрген кезінде жаудың 6ip ұшағын атып түсіргені үшін «Сын Казахстана» деген атпен мақала шыққан. Онда мергендігімен көзге түскен Ысқақ Құсайнов туралы жазылған.

Соғыстан келген соң Лепсинск педагогика училещесіне оқуға түсіп, кейін 43 жыл мектепте ұстаздық еткен. Бөрлітөбе ауданында, Андреевка ауданы, Әлемді ауылында бастауыш мектебінің директоры болған.

«Даңқ», «Еңбек Қызыл Туы» ордендерінің иегері. Ұлы Жеңістің елу жылдығы және алпыс жылдығында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының шақыртуымен eкi рет кездесуге барып, Президенттің Алғыс хатын алған қарт ұстаз.

Бүгінде Ысқақ ақсақал жалғыз қызынан бес немере, он сегіз шөбере көріп отыр. 2012 жылы жолдасы қайтыс болып, қазір қызының қолында тұрып жатыр.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK