Қазақстан халқы Ассамблеясының  күні кеше  өткен  сессиясының маңызы ерекше. Себебі, биыл біз ортақ Отанымыз — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп отырмыз.  «1991 жыл  еліміз үшін жаңа дәуірдің басы болды. Бұл – бостандық. Ата-бабамыздың тарихи мекенінде еркін  өмір сүру, жаңа мемлекет құру, оның тағдыры үшін жауапкершілік  алу  бақыты болды. Мұның барлығын бәріміз басымыздан  кешіріп  көрдік, енді биыл сол 30 жылдықты атап өтеміз », — деді Елбасы.

 Шын мәнінде, айтар едім, Қазақстан халқы Асссамлеясы  бұл Тәуелсіздіктің жемісі.

Мектепте біз өзге  ұлт өкілдерімен қатар  оқып, ержеттік. Тәуелсіздік жылдарының  қиындығын қатар көрдік.  Бір үзім нан болсын бөлісіп, көршісімен  тату болған ата-аналарымыздың  ісі бізге үлгі болды. Қазірде көршілерім бар орыс, корей, болгар. Күнделікті амандық сұрасып,  сөйлесіп араласып тұрамыз.  Менің ойымша,  әрдайым достықты барлық буын басты игілік ретінде сақтауға тиіспіз.

                                                                                           Гүлман Хамзинова,

                                                                    Талдықорған қаласының тұрғыны.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK