«Қазгидромет» РМК сайты 27 ақпан мен 3 наурыз аралығындағы ауа райына болжам жасап отыр. Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанда алдағы күндері ауа температурасы климаттық нормадан 3-8 градусқа жоғары болады, кейін күн күрт суытады.

«1 наурыздан бастап солтүстік облыстарға арктикалық ауа ығысады, 2 наурызда республиканың қалған аумағын қамтиды. Түнде ауа температурасы тағы -20 -30 градусқа дейін төмендейді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -10 -20°С, қиыр оңтүстікте 3-10 градусқа дейін төмен түседі», — деп болжанған.

Сонымен қатар, еліміздің басым аумағында қар жауып, бұрқасындатады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, оңтүстік аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Күннің суытуы қысқа мерзімге ғана созылады, 3 наурыздан бастап солтүстік ағындар батысқа ауысып, ауа температурасы қайта көтеріледі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK