Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылы 23 сәуірдегі мәліметі бойынша, облыста КВИ-дің зертханалық расталған 19555 дерегі тіркелген. Өңір коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта.

Соңғы тәулікте КВИ-дің 195 дерегі тіркеліп,  өсім деңгейі — 1,0% болған. Ал ауру анықталғандардың 44-і — Талдықорғанда, 30-ы — Еңбекшіқазақ, 24-інде — Талғар, 20-дан — Іле, Қарасай, 14-і — Қаратал, 12-сі — Ұйғыр, 9-ы — Көксу, 7-еуі — Алакөл, 3-тен — Ескелді, Балқаш,  Кербұлақ, 2 — Ақсу аудандарында, 4 — Текелі қаласында.

Олармен 405 адамның байланыста болғаны анықталған, барлығы да үй карантинінде, медициналық бақылауда екені хабарланды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK