Мен жастарға сенемін

375

Талдықорған қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  «Мағжан оқулары»өтті. Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясында бастау алған  байқау биыл  V I мәрте ұйымдастырылып, оған білім ошақтарынан іріктелген 62 талант қатысты.

Ақынның 125 жылдығына арналған байқау Елбасының халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында өтіп отыр.

Ұйымдастырушылардың  айтуынша,  заманының заңғар ақыны Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттап, олардың азаматтық ұстанымы мен ұлттық санасының қалыптасуына ықпал ету-басты мақсат.

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің гуманитарлық факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, Алматы облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мамандары мен ақын, өнер иелері байқауға қатысушылардың өнер-білімдерін бағалады.

Бұл сайыс үш бағытта өткізілді. «Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағытына  қатысушылар ақын шығармаларын жатқа оқыды.

Ал екіншісінде «Толқын мен толқын сырласып…» бөлімінде ғылымға бет бұрған ізденімпаз оқушылар Мағжан шығармалары бойынша зерттеу жұмыстарын ұсынса, жас ақындар «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» деп аталатын бағытта  жас өрендер балғын жырларын оқып, берілген тақырыпқа өлеңмен жауап берді.

Байқау қорытындысында, Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп- гимназиясының 11-сынып оқушысы Айым Еркінбекқызы, №17 орта мектептің 9 сынып оқушысы Айзада Қайсар, №15 орта мектептен қатысушы Арайлым Мұхитқызы байқаудың үш бағытында үздік деп танылды. Олар бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK