Жемқорлық қай деңгейде?

425
дереккөз

Ағымдағы  жылдың 22 ақпанында Транспаренси Интернешнл ұйымы өткен  жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі қорытындысын жариялаған болатын. Онда Қазақстан 31 ұпаймен 180 елдің ішінде 122 орынға табан тіреп, бұрынғы жылдармен салыстырғанда біраз жақсара бастағанын аңғартқан. Осыған байланысты, Талдықорғанда Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Арнайы мониторингтеу тобының жұмысы және Қазақстанның Транспаренси  Интернешнл рейтингіндегі бағалануы» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті.

Аймақтағы қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысқан басқосуда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данияр Сабырбаев бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайын кеңінен түсіндіріп шықты. Сондай-ақ ол: «Алматы облысының Арнайы мониторингтеу тобының ішіне «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық ұйымдардың, білім саласы, Азаматтық Альянс, бизнес өкілдері және облыс әкімдігінің және Департамент қызметкерлері кірді. Аталған топтың негізгі мақсаты – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының атқаруының бақылау және оған сыртқы талдау жүргізу. Топ  мүшелері қоғамдық бақылау аясында Алматы облысы құрылыс объектілерінің сапасын мониторингтеу жұмыстарын атқарды. Мәселен, өткен жылы Арнайы мониторингтеу тобының 4 отырысы өтіп,  соның нәтижесінде Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарына және орталық мемлекеттік органдарына 24 ұсыныс берілген. Бүгінде бұл топтың 2018 жылға арналған жаңа жоба-жоспарлары дайындалған» – деді. Осыдан соң Арнайы мониторингтеу тобының мүшелері жеке-жеке сөз алып, ортақ ой бөлісті.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK