Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай белгілі болды, деп хабарлайды өзге басылымдарға сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

13 сәуірде Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды ​​облыстары кірді.

«Сары» аймақта: Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Өткен тәулікте Қазақстанда 2016 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы республика бойынша 273 825 жағдай расталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK