Дайындық сыныбы латын қарпімен оқиды

720
дереккөз

Келер жылдан бастап мектептерде 4 пән ағылшынша оқытылады. Ал  2020 жылы елімізде нөлінші сынып пайда болады. Олар тек латын қарпімен оқиды. Алқалы жиын өткізген Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің жаңалығы көп.

Қазақстан оқушыларды бастауыш біліммен қамту жөнінен әлемде өткен жылдың қорытындысы бойынша  4-орынға көтеріліпті. Сондай-ақ, жалпы білім беру бойынша 44-тен 35-ші орынға көтерілген.

 Елбасы  мұғалімдер жалақысына 50 пайызға дейін үстеме қосу туралы тапсырма берген болатын. Алайда, министрдің айтуына қарасақ, бұл сияпат ұстаз атаулының бәріне тиесілі емес.

“Жаңартылған мазмұнға ауысқан мұғалімдердің жалақысына 30 пайызға қосымша ақы қаңтар айынан төлене басталды. Барлығы – осы жылы 200 мыңнан астам, ол 70 пайыз мұғалім алатын болады”, – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Сонымен қатар, мектептерде сабақты ағылшын тілінде жүргізуге қатты талпыныс жасалып жатыр екен. Қазірдің өзінде еліміздің 153 мектебінде физика, химия, биология және информатика пәндері ағылшын-қазақ, ағылшын-орыс және таза ағылшын тілдерінде тәжірибе ретінде оқытылып жатыр екен. Жоспар бойынша 2019 жылдан бастап 10-шы және 11-сыныптарда сол 4 пән физика, химия, биология және информатика пәндері ағылшын тілінде оқытыла бастайды.

“Ол оқулықтарды методикалық кешенді дайындау экспертиза жасау және апробация жасау, мұғалімдердің дайындылығын арттыру – қомақты жұмыстар қазір атқарылып жатыр. Бірнеше өзгерістер болады. Оны осы оқу жылының аяғында  айтатын боламыз”, – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK