«Көгілдір түсті айдың» пайда болуы сирек құбылыс па?

539

2 және 31 наурыз күндері бір айда екі рет ай толады. Мұндай құбылысты «көгілдір түсті ай» деп атайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қазақстандық астрофизик Виктор Тейфель айтқан мәліметке сүйеніп.

 Қазақстандық астрофизиктің пікірінше, негізінде ол күні айдың түсі өзгеріп кетпейді. Бұл  ағылшын тіліндегі  «Once in a Blue Moon» тіркесінде, яғни «өте сирек, жүз жылда бір рет» деген мағынада екен.

Бір айда Айдың екі рет толуында тұрған ерекше ештеңе жоқ. Наурыз айының жиырмасы күні, Астана уақытымен сағат 21:15-те астрофизиктер күн мен түннің теңелетіндігін  атап көрсетеді.

 Ғалымның айтуынша, «Америкалықтар айдың толуына байланысты көптеген теңеу қолданады. Айдың көгілдір түске боялғанын орманда өрт болған жағдайда анық көруге болады. Себебі, өрттен шыққан түтіннің арғы жағынан ай көгілдір екендігі анық байқалатын көрінеді».

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK