Қыстың соңғы күндері ауа-райы қандай болады?

452

Республиканың басым бөлігінде тұман болады деп хабарлайды Қазгидромет. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тек республиканың оңтүстік-шығысында, орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.Кей жерлерінде жел күшейеді, жаяу бұрқасын болады, батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман  болатындығын мамандар болжап отыр. Жаланашкөл ауданында желдің  екпіні 15-20 және 25 м/с күшейеді. Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің  күшеюі күтіледі. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ  болуы ықтимал. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, күндіз желдің екпні  18 м/с күшейеді деп  күтіледі.

Ақмола,  Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман,  жаяу бұрқасын. Атырау,  Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды,  Шығыс Қазақстан облыстарында  көктайғақ, тұман.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK