Талдықорған қаласы  білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес көктемгі каникул мектебі аясында  білім саласындағы олқылықтарды толықтыру бойынша  қала ұстаздарымен тізбектелген вебинар-практикумдары өткізілді.

 Вебинар дегеніміз – онлайн конференция немесе онлайн режимінде жасалған жиын десе де болады. Яғни, біреу белгілі бір тақырыпта вебинар өткізеді, ал қалғандары соны онлайн режимінде көре алады. Бір жағынан бұның кейбір онлайн трансляциялардан айырмашылығы жоқ болып көрінгенімен екеуі екі түрлі. Вебинарда онлайн чат болады оған қатысып отырған адамдар өз хабарламасын жаза алады. Сонымен қатар аудио және бейне байланысқа шығуға болады.

 Ал айтылған ақпаратты түсінбеген адам чат арқылы немес аудио, видео байланысқа шығу арқылы сұрай алады. Бұл онлайн көрсетілімге қарағанда ыңғайлы. Бұл шараға  Талдықорған қаласының ұстаздары да  өз пәндері бойынша атсалысты. Тәжірибелі  мұғалімдердің үздік те сапалы сабақтары қала көлемінде ғана емес, облыс аумағына таратылды.  Аталмыш шарада әр пән бойынша педагогтар қашықтықтар оқыту жағдайында білім сапасын арттырудағы тиімді тәжірибелерімен алмасты.

Соның бірі -Талдықорған қаласы  білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 29 наурызда қала мектептерінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерімен «Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды толықтыру- сапалы білім берудің факторы» тақырыбында қалалық вебинар-практикум болып өтті. Вебинар барысында қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері М.Садуақасова «Жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдауда анықталған қиындық тудырған мақсаттарға»  тоқталды. Қаладағы М.Жұмабаев атындағы №19 ОМГ мұғалімі Бибігүл Елеусізова , №15 ОМ мұғалімі  Алия Укибаева  білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды толықтырудың  тиімді тәсілдерімен бөлісті. Үлгерімі төмен оқушылардың  білім сапасын арттыруда сындарлы оқытудың тиімділігі жайлы М.Ломоносов атындағы №5 ОМЛ мұғалімі Гүлмира Рүстембекова өз тәжірибесін ортаға салды.  Аталған мәселе  бойынша №26 орта мектеп мұғалімдері  жүйелі қолданып  жүрген интернет платформаларының сапалы білім берудегі тиімді жақтары  туралы ой бөлісті.

Сондай-ақ, Алматы облыстық  білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 5 сәуірде  қала мектептерінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Оқу сауаттылығы — функционалдық сауаттылықты арттырудың негізгі факторы» тақырыбында облыс көлемінде өз тәжірибелерін таратты.

 Вебинар-практикумда Талдықорған қаласы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері М.Садуакасова бүгінгі күнде оқу сауаттылығын арттыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың өзекті мәселе болып отырғанына тоқталды. Қаладағы  үздік тәжірибелі ұстаздар Алима Көпбаева, Ләззат Жүнісбек  (№11 ОМ), Үміт Анисова (№13 ОМ), Гүлжазира  Суанбаева, Гүлфия Бекешова  «Оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы оқылым стратегиялары мен белсенді оқыту әдістерінің тиімділігі» бойынша тәжірибелерін ортаға салды. Сонымен қатар, шебер –сыныпта ұстаздар белсенді әдіс -тәсілдермен тапсырмаларды өздері де  орындап көрді.

Облыстан вебинар-практикумға 100-деген мұғалімдер қатысып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK