Елімізде eGov арқылы төлем жасау жаңа деңгейге көтерілді

956
ғаламтор

Қазақстанның электрондық үкімет төлем шлюзі арқылы төлемдер 41,5 млрд теңгеден асты. 2017 жылдың 9 айында портал арқылы 12,5 млрд-тан астам теңгеге операциялар жасалған. 2016 жылы бұл көрсеткіш 14,2 млрд теңгеден жоғары соманы құраған еді.

Онлайн түрде ең көп төленгені — жол жүру ережесін бұзғандарға салынған айыппұлдар. Бұл жалпы төлемдердің 84 %-ін  (10,5  млрд теңге) құрайды.

Кейінгі кезекте салықтар, баж салығы және алымдар тұр. Олар барлық төлемдердің 11%-іне (1,3 млрд  теңгеден астам) тең.

Сондай-ақ қазақстандықтар электрондық порталды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есеп-шоттарын толықтыру үшін жиі пайдаланған. Бұл — барлық төлемдердің  4%-і (555 млн теңгеден астам). Төлемдердің 0,3 %-ті (35 млн теңгеге жуық) коммуналдық төлемдерге, БКБ қарыздарын өтеу мен ұялы телефон байланыс төлемдеріне жұмсалған.

Бүгінгі күні eGov порталы арқылы 46 қызметті төлеуге болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK