Талдықорған қаласының №17 орта мектебінде спорт түлерінен «Тәуелсіз елдің адал ұрпағы» атты 10 күндік тәрбие сағаты өтті. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараға 1 мен 4 сынып аралығындағы оқушылар қатысты, — деп хабарлайды Тaldykorgan-online.kz

Мұндағы тәрбие сағатының мақсаты – «Азаттық», «Бостандық», «Тәуелсіз» деген ұғымдардың маңызын оқушыларға тереңінен түсіндіре отырып, оларды отан сүйгіштікке баулу және салауатт өмір салтын насихаттап, спортпен шұғылдануға шақыру.

Айта кетейік, еліміздегі эпид ахуалға байланысты тәрбие сағаттардың 5-і онлайн, 3-і офлайн режимінде өтті. Онлайн өткен тәрбие сағатында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты арнайы дәрістер мен бейне роликтер көрсетілді.

Ал, асық ату, бестас, арқан тарту сынды спорт түрлері офлайн режимінде ұйымдастырылды. Бұл бәсекеде асық атудан Ерқанат Жәнібекұлы (3 сынып),  арқан тартудан 4-ші Ә сыныбы үздіктер қатарынан көрінді. Сондай-ақ, жақсы челендж көрсеткені үшін Бек Айнабеков (4 сынып) І орын алды.

«Негізі, бұл шараны үлкен көлемде ұйымдастыруымызға болатын еді. Алайда карантин талаптарын сақтай отырып, жарыс санын және оған қатысушыларды қысқарттық. Мәселен, асық атуға әр сыныптан 2 бала ғана қатысты, арқан тартысқа да шектеу қойылды. Ал, «Шынықсаң шымыр боласың» атты челенджге оқушыларымыз белсенді қатысты», — дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуандық Тұрақбаев.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK