Бүгін қалалық дене  шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектепте «Чемпионмен шеберлік сыныбы» өтті. Аталмыш шараға бұл жолы грек-рим күресінен ҚР-ның Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Ербол Қоңыратов келіп, оқушыларға дене шынықтыру сабағын жүргізді.

Арнайы кестеге сәйкес, білімгерлерге алдымен дене шынықтыру жаттығулары көрсетіліп, кейін сабақ баскетбол ойынымен жалғасын тапты. Шара соңында оқушылар Чемпионның қол таңбасын алып, артынша естелікке суретке түсті. Ербол Азатбекұлы оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, оларға өзінің ізгі тілектерін білдірді. Қызықты өткен кездесуден, балалар ерекше әсер алып тарқасты.

Қалалық спорт бөлімінің басшысы Әділет Рымтаевтың сөзіне сүйенсек, аталмыш шара ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында ұйымдастырылып отыр. «Чемпионмен шеберлік сыныбы» жыл аяғына дейін қаламыздың барлық мектебінде өткізіледі. Мұдағы мақсат – салауатты өмір салтын насихаттай отырып, үлкен ареналарда ел намысын қорғап жүрген спортшыларды оқушыларға үлгі ету.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK