«Алматы облысының Райымбек ауданы Кеген және Райымбек ауданы болып екіге бөлінеді. Кеген ауданының орталығы Кеген болса, Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылы болмақ. Бұл мәселеге қатысты нақты шешім осы ақпан айының аяғында немесе наурыздың ортасында шығарылады». Халық алдындағы есепті кездесуінде Райымбек ауданы тұрғынының сауалына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов осылай жауап берді.

«Біз өз тарапымыздан атқарылуы керек шаралардың барлығын жасадық. Әкімдіктің және мәслихаттың шешімін қабылдап, республикаға ұсыныс бердік. Тиісті министрліктерге есептерін жөнелттік. Ауданды екіге бөлу үшін 2,4 млрд теңге қажет екен. Оның 800 млн жергілікті бюджеттен. Оның барлығын біз бюджетке кіргізіп қойдық. Өткен жылдан бастап біз Нарынқолдың 9 көшесін жаңарттық, ауыз су мәселесін шештік, спорт залын жаңарттық. Сосын арнайы комиссия жіберіп, біздің мекемелерге қандай ғимраттар керек екенін анықтап алдық. Қазір жобаларын жасап жатырмыз. Шекаралы ауданның мәселесі Елбасының қатысуымен өткен Астанадағы алқалы мәжілісте қаралып, шешілген. Менің білуімше, Елбасының ауданды бөлуі туралы жарлығы ақпанның аяғында немесе наурыздың ортасында шығады» деді Амандық Баталов.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK