Тыныш болып аспаны еліміз өркендей берсін!

167

Республика күнімен баршаңызды құттықтаймын! Бұл үлкен ұлық мереке. Өткен жылдан бастап бұл мереке Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен қайта атап өтіліе бастады.

Осынау тыныш күнге, азаттық жолында қаншама ерлеріміз жанын қиды. Бүгінгі ұрпақ еліміздің тәуелсіздігінің тұғырлы болуы жолында еңбек етіп, үлес қосуы керек. Күні кеше спортшыларымыз Азия ойындарына қатысып, көк Туымызды көкке көтерді. Бұл еліміз үшін зор қуаныш.

Байырғы ұстаз ретінде айтарым – еліміз аман болсын.  Тыныш заман болсын. Елімізде берекелі де мерекелі шат күндер көп бола берсін деп тілеймін.

                                                                  Фатима Аринова,

                                                                       ардагер ұстаз

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз