Халқымыз жаңа туған сәби дүниеге келгенде « Әр баланың өз несібесі бар» қуанатын. Қазіргі жастар арасында көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды. Талдықорған қаласында тұратын Лаура Мұхтарқызы мен Ербол Сағатбекұлы алты баланың ата-анасы.
Олар 2007 жылы шаңырақ көтерген. Алты баланың үлкені Нұрбол 7-сыныпта, Нұрайым 5-сыныпта, Айбол мектептің 1-сыныбы табалдырығын аттаған. Одан кейін Айым 4 — жаста. 2020 жылы бұл шаңырақта Айдана мен Әйгерім атты егіз балапандар дүниеге келіпті. « Алдағы күнімізге зор сеніммен қараймыз. Әрбір бала үлкен бақыт қой. Әрине, егіз баланы қарау оңай емес. Үй шаруасы бар. Осындай сәтте анамыз көмектеседі. Анамыздың ақ батасымен өсіп-өркендеудеміз. Осы сәтті пайдалана отырып, аналарға алғысымды білдіремін»,- дейді көпбалы жас ана.
