Онсыз да қойға лақтырып жүрген шәпкі болатын

399
дереккөз

Бір жастау жігіттің қызын егде жастағы адамның ұлы алып қашып кетіпті. Жігіттің әкесі ауылда қой бағатын малшы болса керек. Ол жердегі қалыптасқан салт бойынша  алдымен жігіттің әкесі қыздың ата-анасының алдына  барып, бас киімін тастап, кешірім сұрауы тиіс  екен. Сонымен, жігіттің әкесі жас құдасының алдындағы жерге тымағын тастап: «Кешіріңіз, құда! Бұл балалардың білместігі болды депті.  Сонда әкесіндей адамның алдына келіп, бас киімін тастап тұрғанынан қатты ыңғайсызданған қыздың әкесі:  Аға, бұл сіздің ісіңіз емес қой. Сіз үлкен адам екенсіз, алыңыз бас киміңізді  десе керек. Сонда құдасы:  «Жата берсін. Онысыз да, ауылда қойға лақтырып тастап жүрген тастап шәпкі болатын»  –деген екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK