Бүгін Талдықорған қаласының Сәулет және қала құрылысы бөліміне басшы болып Жортанов Айбек Серікұлы тағайындалды. Жаңа басшыны актив алдында қала әкімі Бағдат Қарасаев таныстырды.

«Барлықтарыңыз білесіздер, соңғы 4-5 айдың көлемінде біздің Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысыз жұмыс істеді. Қазір бұл бөлімнің жүгі ауыр, жауапкершілігі жоғары. Қала күн санап өсіп келеді. Барлығы заман талабына сай болуы тиіс. Бұл бағытта Айбек Серікұлының тәжірибесі мол. Ісіңізге сәттілік тілеймін» деді қала әкімі.

Айбек Жортанов 1977 жылы Талдықорғанда дүниеге келген. 1995-2000 жылдары Қазақ мемлекеттік сәулет құрылыс академиясын тәмамдаған. 2007 жылдан Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімінде бас маманнан бөлім басшысы міндетін атқарушыға дейін жоғарылаған. 2011 жылы Алматы облысының мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасында, 2013 жылы Алакөл ауданының құрылыс бөлімінде қызмет атқарды. Бүгінгі күнге дейін Өтенай ауылдық округі әкімдігінің қаржы, экономика және салық бөлімшесінің бас маманы міндетін уақытша атқарған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK