Бүгінді ертеңгі тарихқа айналдырып тасқа басатын, өткеніңді өшірмей жаңа ғасырдың жадында жаңғыртатын  дәуірнамашы – баспасөз. Қай газет болмасын оқырманның көкірек көзіне сәуле түсіру үшін жан аямай еңбек етіп келеді.

Дәстүрлі БАҚ-ты діңкелетер деп сескендірген жеңілтек сайт, порталдарға төтеп беріп, ұлттық негізді сақтап қалуға барын салып, осы күні ғаламторды да игерді. Кәсіби журналистер осы ұстанымнан айнымаса,  ақпар таратуда ақапарат агенттіктерімен бәсекелес болары анық. Сауатты мақала, сапалы сараптаманың аңдтпасы желіде дұрыс берілсе газеттің де оқырманы көбейіп, ғұмыры ұзарады. Осы үрдісті сәтті қолданып, көптің көзайымы болып келе жатқан басылымдардың бірі – Алматы облысы орталығының тыныс-тіршілігін оқырманына жеткізіп отырған «Талдықорған» газеті. 2 наурыз – басылымның алғашқы саны жарық көрген, яғни туған күні. Осы атаулы күнмен газет ұжымын құттықтаймын! Әлихан, Ахметтей ұлт қайраткерлері салған жолдан таймай, ел игілініне қызмет ете беріңіздер! Халықтың құлағы бітеліп, көзі байланбасын, тілі болып, жаза беріңіздер.  Газет ұжымына шығармашылық табыс тілеймін!

Серік Әбікенұлы Сарыбай,

 «Жетісу» телеарнасының директоры.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK