Ескелді ауданына қарасты «Тау Жетісу» демалыс аймағында парашутпен дәлдікке қонудан Талдықорған қаласының ашық турнирі өтті. «Alga» спорт клубы мен қалалық спорт бөлімі ұйытқы болған додаға 32 парапланшы қатысты, — деп хабарлайды Тaldykorgan-online.kz

Жарыс қорытындысына сәйкес жалпыкомандалық есепте І орынды «Samga», ІІ орынды «Alga» және ІІІ орынды «Samga Sky» командасы иеленді.

Ал, жекелей есеп бойынша Юрий Виршки үшінші, Александр Смелянец екінші, Максим Молдованов бірінші орынды ұтып алды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдармен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK