Есік қаласында футзалдан жасөспірімдер арасында Алматы облысының ашық Чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа Талдықорған қаласының 4 футбол командасы қатысып, 1 алтын және 1 күміс жүлдеге ие болды, — деп хабарлайды Тaldykorgan-online.kz
Жарысқа әр аймақтан 35 команда келіп, үш жас ерекшелігі бойынша чемпиондық атаққа таласты. Облыс біріншілігі көрермендерсіз және барлық санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтап өткізілді.
