Талдықорғанда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында шахматтан қалалық ашық турнир өтті. Онлайн форматта болған жарысқа 170 шахматшы қатысты, — деп хабарлайды Тaldykorgan-online.kz
Ашық турнирге Қазақстан, Ресей, Украина және Қырғызстан мемлекеттерінің шахматшылары қатысып, 800-ден астам партия ойнады.
Жарыс қорытындысы бойынша, Алматы облысы командасының шахматшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Атап айтсақ, Қайсар Сағатбеков – 1 орын, Вадим Индустриев – 2 орын, Ерназар Исумбаев – 3 орын иегері атанды.
Турнир қорытындысы:
1 орын — Бахтиярова Асқар
2 орын — Кассимов Бауыржан
3 орын — Аманжол Сұлтан
Жасөспірімдер арасында:
1 орын — Асылов Мирас
2 орын — Мамедов Эдгар
3 орын — Тілеуханов Ерлан
Қыздар арасында:
1 орын — Қайдарова Аяулым
2 орын — Момун Мадина
3 орын — Заркын Айлин.
Турнирдің барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері қалалық спорт бөлімінің және облыстық шахмат федерациясының грамоталарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
